13) жұмыс күні ішінде персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сұрау оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыруды;
14) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруды;
15) келушілерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
41-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде экскурсиялық қызметті (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсияны ұйымдастыру) жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1. Көлікті дайындау және жолаушыларды (туристерді) тасымалдау
1. Жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік кейіннен желдетіле отырып, дезинфекциялау құралдарымен (отырғызғанға дейін) салонды өңдеуге жатады.
2. Жүргізушілерді рейс алдындағы тексеру міндетті термометриямен және нәтижені Тапсырыс парағында (туристік (бұдан әрі - туроператорлар) мен көлік компаниялары арасында) тіркеумен жүргізіледі.
3. Жүргізушілер, еріп жүретін адамдар мен туристер көлік құралында, бағдартың жүру жолында медициналық немесе мата маскасында болады.
4. Автобустарда (шағын автобустарда) қолды өңдеу үшін санитайзерлердің қажетті саны белгіленеді, жүргізушілер маскалардың қосымша қорымен қамтамасыз етіледі.
5. Экскурсиялық сапарларды жүзеге асыратын автобусқа жолаушыларды (туристерді) жіберуге отыратын орындардың жалпы санының 75% - ынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанушылық тұрақты төмендеген және жағдай тұрақтанған кезде объектінің жалпы сыйымдылықтағы келушілермен толтырылуы ұлғайтылуы мүмкін.
6. Автобусқа отырғызу алдында міндетті термометрия, сондай-ақ ЖРВИ белгілерінің болуы үшін туристер мен бірге жүретін адамдардың сапарын ұйымдастырушының көзбен шолуы жүргізіледі.
7. Жолаушылар оларды пайдалану регламентіне сәйкес қорғаныш құралдарын ауыстыра отырып, Маска режимін сақтаған кезде ғана қонуға рұқсат етіледі.
8. Ілесіп жүретін адам сапар алдында санитариялық нормаларды сақтау және жолаушылар (туристер) үшін әлеуметтік дистанциялау бойынша міндетті нұсқама өткізеді.
9. Автобустарға (көлікке) туристерді туроператордың тізіліміне сәйкес, толық жүру бағдарын, күні мен уақытын көрсете отырып, көліктің мемлекеттік нөмірін көрсете отырып отырғызу. Бұл ретте, туристер тізілімінде туристер туралы мәліметтер: тегі мен аты, ЖСН, байланыс телефонының нөмірі және міндетті нұсқамадан өткені туралы белгі болуы тиіс.
10. Мыналарға:
1) автобустағы жолаушылар үшін орын ауыстыруға;
2) стихиялық сауда және тамақтану орындарында тоқтауға жол берілмейді.
11. Санитариялық аялдама кезеңінде автобусты дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіле отырып, 3 сағатта кемінде 1 рет желдету жүзеге асырылады.
2. Экскурсиялар кезінде тамақтануды ұйымдастыру
1. Туристерге арналған сусындарды туроператор 1,0 литрден аспайтын қаптамада, жеке қаптамада ұсынады.
2. Өндіруші жасаған және буып-түйген туристке арналған құрғақ азық-түлікке (сэндвич, чиптер, снейкалар, хотдог және басқа да тағамдар) жол беріледі
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
42-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
2. Объектілердің қызметіне Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес жол беріледі.
3. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу(оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);
2) дене температурасы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, байланыссыз тәсілмен дене температурасын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене температурасын бақылау. Көрсетілген симптомдарболған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;
3) келушілерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу (бильярд залында және боулингке келушілер арасында кемінде 2 метр не 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, компьютерлік залда үстелдер арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталған кезде кемінде 2 метр);
4) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілерді объектіге кіргізу;
5) жауапты адам келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды;
6) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді;
7) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, пернетақта, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды құрамында спирті бар тазалағыш құралдармен әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау;
8) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;
9) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады;
10) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту;
11) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі.
12) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
4. Объектінің меншік иесі:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, олардың мүлтіксіз сақталуы туралы нұсқама өткізу;
4) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады;
5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
6) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;
7) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
8) пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер)арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;
9) әрбір 3 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;
10) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді;
11) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуын;
12) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді;
13) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қатамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
5. Бильярд залдары мен боулингтер үшін мынадай қосымша талаптарды сақтау қажет:
1) би алаңдарында және залда жаппай би өткізуге жол берілмейді;
2) конкурстарды (өз үстелінен шықпай-ақ интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
3) бильярд орындарының әкімшілігі ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4 метр қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді;
4) ойын мүкәммалы (кии, бильярдқа арналған шарлар, боулингке арналған шарлар және т.б.) әрбір ойын аяқталғаннан кейін құрамында спирт бар дезинфекциялау құралымен өңделеді.
5) бір ойын жолындағы боулерлердің бір мезгілде 6 адамнан артық болуына жол берілмейді;
6) фуд-корт (тамақтану аймағы) ойын жолдары мен бильярд үстелдерінен бөлек орналасады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
43-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мұз қалашықтарының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Мұз қалашықтары шекаралармен белгіленеді (аумақта қозғалысты белгілеуді ұйымдастыру арқылы).
3. Мұз қалашықтарының аумағында адамдар көп жиналуы мүмкін жаппай халықтық серуендер, салтанатты, спорттық, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
4. Мұз қалашығына барған кезде медициналық немесе мата маскаларын тағу режимін, адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты (отбасы мүшелерін немесе бірге тұратын адамдарды қоспағанда) сақтау міндетті.
5. Мұз қалашықтарында кез келген типті (мұз, металл, ағаш және басқалары) домалатуға арналған құрылғыларды (төбешіктерді) орнатуға жол берілмейді.
6. Мұздағы сәулет нысандары мен құрылыстарын (мұздағы адам бойымен бірдей фигуралар, лабиринттер, мұз айдындары), жаңа жылдық шыршаларды оларды 2-4 метр әлеуметтік қашықтық талаптарына сәйкес орналастыра отырып орнатуға жол беріледі.
7. Мұз қалашықтарының толтырылуы жалпы алаңның 40%-ынан аспауы тиіс, мұз қалашығына кіру әлеуметтік қашықтық үшін жеткілікті орындар санының болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
8. Мұз қалашықтарының жұмыс режимі тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларымен анықталуы мүмкін.
9. Мұз айдынында бір адамға әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілердің толтырылуы: ересектер үшін - кемінде 5 шаршы метр, балалар үшін - кемінде 4 шаршы метр.
10. Прокаттау пункттерінде қашықтық үшін белгілерді ұйымдастыра отырып, маска режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
11. Мұз қалашығының аумағында қызмет көрсететін барлық қызмет көрсету пункттері (дүңгіршектер, сусындар сататын сауда нүктелері және т.б.) демалушыларға қызмет көрсету кезінде сатып алушылардың әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, санитайзерлердің және басқа да қауіпсіздік шараларының болуын қамтамасыз етеді.
12. Халықтың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру процесін басқару, персоналды оқыту, белгіленген талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі жауапты адам тағайындалады.
13. Мұз қалашығын жалға алушы немесе меншік иесі:
1) өз құзыреті шегінде санитариялық нормалар шараларын қамтамасыз ету және сақтау үшін жауапты болады;
2) келушілердің рұқсат етілген саны және профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың сақталуы туралы визуалды және дыбыстық ақпаратты орналастырады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
44-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
2. Объектілердің әкімшілігі ойын-сауық парктері мен аквапарктардың толтырылуын бейнебақылауды және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Объектілердің әкімшілігі ойын-сауық саябақтарының толтырылуын әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, 1 балаға 10 ш.м.есебімен қамтамасыз етеді.
4. Кіреберісте персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен өлшеуге арналған аппараттарды (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) қолдана отырып бақылау, сондай-ақ қолды антисептикпен өңдеу.
5. Жіті инфекция белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді. Персонал вирустық инфекцияның симптомдары болмаған кезде ғана жұмысқа жіберіледі.
6. Кіреберісте, ойын-сауық аймақтарында, кассада және т. б. қолжетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату.
7. Еден белгілерін, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын қою, сондай-ақ жабдықтардыкемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, орналастыру арқылы келушілер, қызметкерлер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету.
8. Саябаққа кіру және шығу үшін келушілердің бөлек ағынын қамтамасыз ету.
9. Қолды антисептиктермен жиі өңдей отырып, қызметкерлердің масканы міндетті түрде киюі.
10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, келушілердің масканы міндетті түрде киюі.
11. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақтауға жауапты адамды айқындау.
12. Жауапты адамның мынадай: қызметкерлердің температурасын өлшеу, маска беру, дезинфекция жүргізужурналдарын жүргізуі.
13. Объектілерде пайдаланылғанмаскалар мен қолғаптарды жинауға арналған ыдыстардың (урналардың) болуы.
14. Профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимін сақтау.
15. Тұрмыстық үй-жайларды және ойын-сауық аймақтарын белгіленген жиілікке сәйкес бір күн ішінде вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу.
49. Ойын-сауық саябақтарының жұмысына қойылатын талаптар
16. Саябақтарда клиенттерге қызмет көрсету үй-жайларға, жабдықтарға дезинфекциялау жүргізу, ауаны зарарсыздандыру (аймақтар бойынша) желдету үшін кемінде 1 сағат үзілісті ұйымдастыра отырып, жүзеге асырылады.
17. Аттракциондарға келушілерді орналастыру кемінде 2 метр қашықты сақтай отырып, бір кресло аралықпен жүргізіледі.
18. Ойын аппарраттары бір бірінен кемінде 2 метр қашықтық сақтай отырып орналастырылады.
19. Ойын-сауық саябақтарының жұмысы уақыты кезінде барлық беткейлерді дезинфекциялау және нұсқаулыққа сәйкес әрбір 3 сағат сайын кварц және бактерицидті шамдар (рециркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру жүргізіледі.
20. Беткейлерді (есік тұтқалар, тұтқалар, орындықтар және т.б.) дезинфекциялық өңдеу ойын-сайық саябағының әрбір аттракционында әрбір сеансқа дейін және одан кейін жүргізіледі.
Аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар
21. Аквапаркте клиенттерге қызмет көрсету алдын ала жазылу бойынша, сеанстардың ұзақтығы 3 сағаттан аспайтын және үй-жайларды, жабдықтарды дезинфекциялауды, ауаны зарарсыздандыруды және желдетуді жүргізу үшін үзілістерді ұйымдастырумен жүзеге асырылады.
22. Себезгі бөлмелерінен аквапарк аумағына шығатын жерлерде сланецтер мен өзге де аяқ киімдерді өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады.
23. Аквапарктің барлық жүзу құралдары мен мүкәммалы әрбір пайдаланғаннан кейін арнайы жабдықталған орындарда (дезинфекциялау құралдарының су айдынына немесе бассейнге түсуін болдырмай) дезинфекциялау құралдарымен үнемі өңделеді.
24. Аквапарктерде су сапасына, суды дайындау мен зарарсыздандыру тиімділігіне санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес өндірістік бақылауды күшейту.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
45-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді
енгізу кезеңінде банкет залдарына, түнгі клубтарға,
караокеге қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында жұмыстың талаптарымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
2. Объектінің қызметкерлері арасында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында:
1) қағаз немесе электрондық тысығышта тіркей отырып, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (температурасы жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды байланыссыз термометрия жүргізе отырып және міндетті түрде оқшаулай отырып, күн сайынғы «кіру сүзгісін» ұйымдастыру;
2) объектіге кіру кезінде қолды тері антисептигімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) және дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орынды ұйымдастыру;
3) тұрақты қол гигиенасы үшін жалпы пайдалану орындарында (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, қағаз немесе электр сүлгі, қақпағын ашуға арналған аяқ басқышы бар қоқыс контейнерлерін орнату қажет;
4) персонал келушілермен жұмыс істеу кезінде оларды пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорымен (жұмыс ауысымының және маскалар ауысымының ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ дезинфекциялық сулықтармен, қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалдандырылған маскаларды пайдалануға жол берілмейді;
5) объектінің қызметтік өндірістік үй-жайларында жұмыс орындары арасындағы қашықтықты (кемінде 1,5 метр) сақтай отырып, объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті персоналдың ең аз санының болуын қамтамасыз ету;
6) өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету) байланысты жұмысты орындайтын адамдарды қоспағанда, объектінің қызметімен байланысты емес адамдардың қолжетімділігін шектеу;
7) үзіліс және демалыс уақытында объект қызметкерлерінің орын ауыстыруын шектеу (объект аумағынан шығу, өзінің лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге орын ауыстыру);
8) объектіге келушілермен байланысатын қызметкерлерді анықтау қажет.
3. Объектілердің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күрделі жинауды жүргізу (оның ішінде және жинау жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен өңдеу);
2) персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен бақылау. Жіті респираторлық инфекция симптомдары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді;
3) объектінің әкімшілігі келушілер арасындағы периметр бойынша кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, объектінің тамақтану залдарында келушілердің бір уақытта болуын қамтамасыз етеді; үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 м және орындықтар арасындағы қашықтық 60 см және бір үстелге 6 адамнан асырмай отырғызу қажет. Бар үстелінің артына отырғызу қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі;
4) объектінің аумағына маскасыз кіруге және онда болуға тыйым салынады;
5) объектінің күзет қызметі келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды;
6) объектінің қызметкерлері келушілерге қолдарын жиі өңдеу арқылы бір рет қолданылатын маска киіп (маскаларды 2 сағатта 1 реттен сиретпей ауыстыру) қызмет көрсетеді;
7) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
4. Объектінің иесі:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекітуді (температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
2) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды;
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау қағидаларын сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылауды;
4) жеке гигиена құралдарымен санитариялық тораптарды (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
5) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолын өңдеу үшін дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу ағзаларына арналған ЖҚҚ-ның азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз етуі қажет.
5. Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру:
1) объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т. б.) жүргізеді;
2) қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
3) ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.
6. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар:
1) залдарда рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жүргізілетін жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек;
2) дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген;
3) дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препаратқа берілетін нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтау керек. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті дезинфекциялау құралын экспозициядан кейін шаю қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндірілетін дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта айқындалған;
4) техникалық персонал (тазалаушылар) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі қажет;
5) жұмыс күні аяқталғаннан кейін үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), түскі ас залына кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы ылғалды жинау жүргізіледі;